«Біз қазіргі уақытта осы мәселелер бойынша Үкімет пен Сенаттың жобалық кеңсесі құрамында жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін шешімдерге тоқталуға рұқсат етіңіздер. Биылғы маусым айында Үкімет Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне ішкі құнды дамыту бағдарламаларын бекіту мен іске асыруды және оффтейк келісімшарттарын жасауды талап ететін түзетулер әзірленіп, Мәжіліске енгізілді. Алайда, Мәжіліс заң жобасын қарауға әлі кіріскен жоқ», — деп баса айтты спикер.
«Осы 5 жыл ішінде кешенді жоспарда “Индустриялық даму қоры” АҚ жаңа өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістерді жаңғырту үшін 600 млрд теңге көлемінде, ал “ДАМУ” АҚ 50 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған. Бұл коммерциялық банктерге шамамен 370 млрд теңге сомасында, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау арқылы ШОБ-ты қаржыландыруға мүмкіндік береді. Салалық кәсіпорындар, ең алдымен ШОБ субъектілері бұл қаржыландыруға үлкен үміт артып отыр. Кешенді жоспарда қарастырылған қаражатты толық көлемде бөліп алу қажет», — деді Мейрам Пішембаев.
«Біздің ойымызша, 2023-2029 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы саланы дамытудың барлық аспектілерін қамтымайды және Президенттің ЖІӨ-ні екі есе көбейту жөніндегі жоспарын іске асыруды бәсеңдетуі мүмкін. Бұл – стратегиялық міндеттің шешімдерінің бірі, әрі өнеркәсіптік робототехниканы енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттырады. Мәселен, Қазақстанда бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі жылына $22 мыңды құрайды, ал АҚШ, Ирландия, Норвегия және Швецияда бұл көрсеткіш $150 мыңға жақын», — деді ол.
«Осыған байланысты біз өндірістік робототехниканы дамыту мәселесін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізуді ұсынамыз, онда өнімділіктің өсу көрсеткіштерін нақты анықтап, Үкімет тарапынан қолдау тетіктерін қарастыру қажет. Онсыз бүгінгі таңда біздің компаниялар өнеркәсіптік роботтар өндірісін өз бетінше іске қоса алмайды. Құрметті Олжас Абайұлы, Үкімет мүшелері, осы бастамаларға қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз», — деді спикер.