Халықаралық бизнес ынтымақтастығының жаңа дәуірін белгілей отырып, қазақстандық Astana Expo және неміс Leipziger Messe International компаниялары машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған Kazakhstan Machinery Fair көрмесі аясында ресми түрде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Осы ынтымақтастықтың арқасында Kazakhstan Machinery Fair көрмесі халықаралық деңгейде өз орнын нығайтуға және жаңа қатысушыларды тартуға жаңа серпін алады. Бұл оқиға машина жасау саласындағы жетекші әлемдік компаниялар үшін есіктерді ашады, бұл көрменің қызығушылығын және ықпалын арттырады.
LMI - Германияның он үздік көрме компаниясының бірі және әлемдегі ең үздік 50 көрме компаниясының бірі. Лейпциг жәрмеңкесі жыл сайын өз алаңында және басқа көрме орталықтарында 30-дан астам сауда жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Лейпциг жәрмеңке кешенінде жыл сайын 270-ден астам іс-шара - жәрмеңкелер, көрмелер, конгрестер және шоулар өткізіледі, олар 15 500-ден астам экспоненттерді және 1,2 миллионнан астам келушілерді бүкіл әлемнен тартады.
Astana Expo бас директоры Сакен Қанапьянов: «Біз басталып жатқан серіктестікке өте қуаныштымыз және неміс әріптестерімізді шын жүректен қарсы аламыз. Бұл ынтымақтастық Қазақстандағы көрме өнеркәсібін дамыту үшін ерекше маңызды. Неміс көрме ұйымдастырушыларының бірімен өзара іс-қимыл Kazakhstan Machinery Fair көрмесіне және Қазақстанның машина жасау саласына жаңа мүмкіндіктер ашады» деді.
«Казахстан халықаралық машина жасау компанияларының назарын көбірек тартып жатыр», - дейді Маркус Гайзенбергер, LMI – Leipziger Messe International басқарушы директоры. «Сондықтан біз өз клиенттерімізге Kazakhstan Machinery Fair көрмесіне қатысуға көмектесуге қуаныштымыз. Бұл көрме елдегі ең маңызды салалық іс-шара болып табылады. Astana Expo-мен ынтымақтастық аясында біз Лейпцигте өткізілетін халықаралық машина жасау жәрмеңкесі Intec-ті ұйымдастыруда алған көпжылдық тәжірибеміз бен байланыстарымызды пайдалана аламыз».
Серіктестік Қазақстан мен Германия арасындағы глобалды бизнес қарым-қатынастарын кеңейтуге маңызды үлес қосады деп күтілуде. Екі компания ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.